Мектепте тамақтану

"Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы 2021 ж. 5 тамыз

«Брокераждық комиссия құру туралы» бұйрық 2019 ж. 27 тамыз № 14

«Жаппай оқыту қорынан тегiн ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы» бұйрық 2019 ж. 27 тамыз № 13

«Тегiн ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы» бұйрық 2019 ж. 27 тамыз № 12

Санитарлық-эпидемиологиялық ұйғарым

Тамақтану сапасы мониторинг жүргiзу жөнiндегi комиссия отырысының № 1 хаттамасы 2019 жылғы 4 қараша

 № 2 хаттама. Көктерек бастауыш мектебi Тамақтану сапасы мониторинг жүргiзу жөнiндегi комиссиясының асханаға тексеру жүргiзген     анықтама (күнi: қыркүйек, 2019 жыл)

Тамақтанудың сапасына мониторинг жүргiзуiн тексерудiң қорытындысы 2019-2020 оқу жылы, қараша айы

 

Көктерек бастауыш мектебi 2019-2020 оқу жылы

Асхана туралы мәлiмет:

  • Ыдыс-аяқ тәрелке, кесе, бакалдар, қасықтар - 100%
  • Жиһаздар- холодильник,газ-плита,духовка - 100%
  • Тамақтандыру (Үстел-жасау - 100%)
  • Гигиеналық талаптар мен шарттарды ұстану - 100%
  • Асхана қызметiнiң қызмет көрсетуi - 100%

Аспазшы туралы мәлiмет:

Кабдулкаева Гүлден Аскеровна — Диплом №0123501, 3-шi дәрежелi аспаз.

Тамақтану уақыты: сағат 10.25. — 11.00

Отыратын орын саны - 7

Асхананың жұмыс уақыты: Сағат 8.00. ден 14.00

Асханадағы кезекшiлiк: мектеп әкiмшiлiгi бақылауында, кезекшiлiк кестесi құрылған.

2019-2020 оқу жылына ыстық тамақпен қамту бойынша Көктерек бастауыш мектебінің анықтамасы

Оқушылардың дұрыс тамақтануы денсаулықты дұрыс сақтаудың кепілі.

1-4 сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамту мектеп қаулысына сәйкес құрылған «Оқушыларды тамақпен қамтамасыз ету».

Оқушылар арасынан нақты тамақтанатын санын анықтау мақсатында мониторинг жүргізілді. Анықтау мақсаты: 2019-2020 оқу жылы бойынша 1-4 сынып оқушыларының жайы.

1. Асханада тамақтанатын оқушылар көлемі.

2. Әлеуметтік қорғаусыз оқушыларды ыстық тамақпен қамту.

Ата-аналар жиналысында ата-аналармен бірге тегін ыстық тамаққа тізім жасау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тізім жасау кезінде аз қамтылған және көп балалы балалар ескерілді.

Отбасы категориясы Әлеуметтік мәртебесі бойынша отбасы саны Өтініш бойынша тегін тамақтануды пайдаланады
Жетімдер арасынан 0  
Отбасында мүгедектер бар арасынан 0  
Көп балалы отбасы 0 0
Аз қамтылған отбасы қатарынан 2 2
Чернобыль және ауған соғысына қатысқан отбасы 0 0

Жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша оқушылардың 100% мектеп асханасында тамақтанады. 2 оқушы тегін тамақтанады (аудандық бюджет қаражаты).

Мектеп асханасының жұмысын бақылауды мектеп меңгерушісі Жанахметова А.Т. жүзеге асырады, дайын тағамдардың сапасын күнделікті бақылау жолға қойылған, оның нәтижесі бракераж журналында көрсетілген. Дайын өнімді күнделікті іріктеу жүргізіледі. Сынып бойынша оқушылардың тамақтану кестесі жасалды.

Сынып жетекшілері ыстық тамақтану мәндерінің тәрбиелік жұмысын үнемі жүргізіп отырады.

Бракераждық комиссияның дайын өнімнің сапасы,порционалдығы бойынша күнделікті бақылау жүргізу.

Мектеп меңгерушісі А.Т. Жанахметова

Тамақтануды ұйымдастыру мәселелерi бойынша

2014 жылдан бастап депутаттардың бастамасы мен мектеп директорларының ұсынысы негiзiндемектепте тамақтануды ұйымдастыру бойынша көрсетiлетiн қызметтердi, тауарларды жеткiзушiнi таңдау тамақтану сапасына әсер ететiн баға демпингiнежәне мектеп директорларының көрсетiлетiн қызметтердi жеткiзушiлерге тiкелей бақылауды жүзеге асыру мүмкiндiгiнiң болмауына байланысты Мемлекеттiк сатып алу жүйесiнен шығарылды.

Бүгiнгi күнi орта бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейiнгi ұйымдарда, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарында тәрбиеленетiн және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу тәртiбi пысықталды (ҚР БҒМ 31.10.2018 ж. №598 бұйрығы).

Балалардың тамақтану сапасы мен қауiпсiздiгiне кепiлдiк беру мақсатында Ережеде қызметкерлердiң бiлiктi штаты бар осы қызметтi көрсетуге неғұрлым дайындалған өнiм берушiнi таңдауға мүмкiндiк беретiн өлшемдер (жұмыс тәжiрибесi, аспаздардың бiлiктiлiгi, технологтардың, диетологтардың, оң сипаттамалардың, азық-түлiк өнiмдерiнiң өзiндiк өндiрiсi, энергия үнемдейтiн жабдықтардың болуы) көзделген.

2018 жылдан бастап тамақ өнiмдерiн сақтау жағдайына, дайындалатын тағамдардың қауiпсiздiгi мен сапасына әсер ететiн мектеп асханаларының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшiн мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк тетiгi енгiзiлдi.

Сондай-ақ, Ережеге сәйкес конкурстық комиссиялардың құрамына ҮЕҰ және ата-аналар қауымдастығы, қамқоршылық кеңестерi, қоғамдық денсаулықты сақтаудың аумақтық органдарының өкiлдерi енгiзiлген.

Өнiм берушiлердiң жаңа пiскен және табиғи азық-түлiктердi пайдалануын қамтамасыз ету үшiн Ережемен өнiм берушiлердiң мектептiк тамақтандыруды ұйымдастыру кезiнде (шаруа немесе фермер қожалығы, жылыжай және басқалар) пайдаланылатын азық-түлiктердiң өз өндiрiсiнiң болуы үшiн қосымша балл алуы және отандық өндiрушiлердiң азық-түлiктерiн сатып алуы көзделген.

Тағамдардың, тамақ өнiмдерi мен аспаздық өнiмдердiң тұтынушылық қасиеттерi, олардың органолептикалық қасиеттерi, дайындау технологиялары мен шарттары балаларға арналған Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi бөлiгiнде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерiне сәйкес келуi тиiс.

Өнiм берушi Шарт талаптарын бұзған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда, шарт сот тәртiбiмен бұзылады және осы өнiм берушi жосықсыз деп жарияланады (ҚР БжҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы №599 бұйрығы).

2015 жылы бiлiм алушылардың жекелеген санаттарын сапалы тамақпен қамтамасыз ету мақсатында министрлiк Қазақ тамақтану академиясымен бiрлесiп, алғаш рет балалардың жас ерекшелiктерiн ескере отырып, бiр реттiк мектепте тамақтанудың бiрыңғай нормаларын әзiрледi (2012 жылғы 12 наурыздағы №320 ҚР ҮҚ қосымшалар енгiзiлдi).

Бұл нормаларда балалардың ағзаға қажеттi барлық микронутриенттердi: дәрумендердi, минералдық заттарды және микроэлементтердi алуы көзделген.

2018 жылы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру шеңберiнде, сондай-ақ бiлiм беру ұйымдары оқушыларының салауатты (ыстық) тамақтануына қызығушылығын арттыру мақсатында ҚР ДСМ оқу орындарында тамақтану рационы бойынша бiрыңғай стандарттар әзiрлендi.

2019 жылдан бастап министрлiк бiлiм беру органдары мен ұйымдарының мектептiк тамақтануын ұйымдастыруына камералдық бақылау енгiздi, ол объектiге бармай бақылау iс-шараларын жүргiзуге мүмкiндiк бередi.

Бұдан басқа, Министрлiк ҚР ҚМ-мен бiрлесiп мемлекеттiк сатып алу портал арқылы конкурстық рәсiмдердi электрондық форматқа ауыстыру мәселесiн пысықтауда.

Бүгiнгi күнi мектеп қызметкерлерi мен ата-аналар жұртшылығының қызмет көрсетуiне тұрақты бақылауды жүзеге асыру мүмкiндiгi заңнамалық түрде қарастырылған. Әр мектепте балалардың тамақтануын бақылау бойынша комиссия жұмыс iстейдi. Комиссияны мектеп директоры басқарады,құрамына мектеп медбикесi, педагогтар, ата-аналар комитетiнiң, қамқоршылық кеңесiнiң мүшелерi кiредi.

Тамақтануды ұйымдастыру ережесiне сәйкес қызметтi жеткiзушi ай сайын орта бiлiм беру ұйымының басшысына олардың сапасы мен қауiпсiздiгiн растайтын құжаттарды қоса бере отырып, бiлiм алушылар үшiн пайдаланылатын тамақ өнiмдерiнiң тiзбесi туралы мәлiметтердi ұсынуы тиiс.

Күн сайын медицина қызметкерi немесе жауапты тұлға дайын тағамдардың сапасын органолептикалық бағалау журналына жазба енгiзе отырып, органолептикалық бағалауды жүргiзедi.

Осылайша, қазiргi уақытта мектеп әкiмшiлiктерiне балалардың тамақтану сапасына ықпал етуге мүмкiндiк беретiн барлық қажеттi тетiктер пысықталды. Қазiргi таңда, бiрiншi орынға бiлiм беру ұйымдарының басшыларының (бракераждық комиссия төрағалары) жауапкершiлiк деңгейiнiң маңыздылығын ескеру керек.

Осыған байланысты, мектептегi тамақтанудың сапасын арттыру жөнiндегi Министрлiк қызметiнiң негiзгi бағыты тамақтану сапасын бақылау жөнiндегi бракераждық комиссиялар қызметiнiң тәртiбiн кеңiнен ақпараттық жария етудi қамтамасыз ету болып табылады.

Сондай-ақ бiлiм алушылар мен олардың ата-аналарына балалардың тамақтануын ұйымдастыру кезiнде анықталған бұзушылықтар бойынша атқарылған iс-шаралар туралы хабардар етiледi.