Көктерек бастауыш мектебінде көмекке мұқтаж балаларды барынша қамту мақсатында тұрақты негізде жыл бойы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жұмыс істейді.
Жаңа оқу жылының басталуымен Көктерек бастауыш мектебінде аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық және өзге де көмек көрсету және әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл «Балаларға бірге көмек берейік!» атты айдармен өткізілмек.
Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.
Мектеп меңгерушісі: А.Т.Жанахметова 02.08.2021ж.